№22 Елшібек батыр атындағы жалпы орта мектебінің тарихы.

Н.К.Крупская қазіргі Елшібек батыр атындағы жалпы орта мектебінің тарихы сонау ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстан жеріне орыстардың келіп қоныстануынан басталады. Н.К.Крупская орта мектебі негізінен басында Киров селосында  ашылған. Бұл селоның түпкілікті тұрғындары 1879 жылы туылған Мараховский Николай, 1887 жылы туылған Хищенко Григорийдің айтуы бойынша 1880 жылдары Ресейдің Воронеж, Орынбор, Киров, Полтава губернияларынан әскери солдаттар отбасыларымен көшіп келіп қоныстанады. Осы алғашқы қоныстанушылар палаткаларда тұрып, саз балшықтан үйлер тұрғызып алған соң, ауыл атын «Кауфманка» деп атайды. Осы селода 1885 жылы тұнғыш 1 кластық мектеп ашылған. Бұл мектеп оқушылардың санының өсуіне орай жыл сайын үлкейіп, кластары көбейіп отырған. Осылай өсу жолымен 1936 жылы жеті жылдық мектепке айналды. 1948 жылы Карл Либкнехт жеті жылдық мектебі болған. 1948 жылы №23 қарар №3 бұйрық бойынша В.И.Лениннің жансерігі Н.К.Крупскаяның 80 толуына орай мектептің аты Н.К.Крупская есімімен аталды.

      Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Дербісек елді мекеніндегі Н.К.Крупская атындағы орта мектеп 2000 жылдан бастап,  ХVІІІ ғасырда өмір сүрген Ұлы жүздің Сіргелі тайпасынан шыққан қазақ батыры Елшібек Меңлібайұлының құрметіне орай, №22 Елшібек батыр атындағы жалпы орта мектебі болып аталынды.